Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да дүкен қызметкерлері бір жыл бойы жалған тауарлар сатқан

полиция қызметкері, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 15:29 Сурет: polisia.kz
25 мамырда Катонқарағай аудандық ПБ кезекші бөліміне ЖШС өкілдерінің бірінен тұрмыстық техника дүкенінің 23 және 27 жастағы қызметкерлеріне қатысты шара қолдануды сұраған қатынас қағаз түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, супервайзер сатушымен бірлесе отырып, өткен жылдың қаңтарынан 2022 жылдың наурызына дейінгі аралықта тауарға сатылу қағазын толтырып, тауарларды жалған сатқан, бірақ дүкеннің кассасына ақша түспеген.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 6,9 млн теңгеден артық. Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады, оларға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігімен (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: