Орманшылар Ертіс жағасынан бұлан бұзауын құтқарып қалды
Сурет: pixabay
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері өртті сөндіруден қайтып бара жатқанда әлеуметтік желідегі хабарламаға елең етті. Олар Қасиетті бұлақ аймағындағы Ертіс жағасына барып, енесінен адасып қалған бұлан бұзауын іздеуге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орман шаруашылығы қызметінің хабарлауынша, орманшылар бұлан бұзауын күн батқаннан кейін жүрген ізі арқылы тауып алған. Сосын жануарды тамақтандырып, арнайы орынға жатқызыпты.
Таңертең бұлан бұзауын Семей облыстық балалар биологиялық орталығының қызметкерлеріне әрі қарай күтім жасау үшін тапсырылды. Өйткені ол әлсіреген, қорқып қалған. Мұндай кезде оны орманға қайта жібере салу өміріне қауіпті.«Семей орманы» МОТР баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript