Психологтар танысудың ең тиімді тәсілдерін анықтады

Зерттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2022 13:54 Сурет: pixabay
АҚШ-тағы Бакнелл университетінің ғалымдары 18-96 жас аралығындағы 39 ер адам мен 57 нәзік жанды зерттеуге тартты. Оларға романтикалық таныстық кезінде айтылатын сөздерді 10 санат бойынша бағалау ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Evolutionary Behavioral Sciences журналының мәліметінше, әйелдер қауымы тікелей кездесуге шақыруды, телефон нөмірлерімен алмасу туралы ұсынысты, кездесуге ықылас білдіруді және "ер адамның сүйіктісі бар ма" деген сұрақты ең тиімді тәсілдер деп тапты.

Өз кезегінде мырзалар ашық ұсыныстарды әйелдерге қарағанда тиімді деп санайды. Мүмкін, бұл әрекет адамның нақты ниетінен хабар беретінін әрі әлеуетті серіктесінен айырылып қалу ықтималдығын азайтатын болғандықтан болар.

Жеке қасиеттерді талдау нәтижесіне келсек, бойжеткендер жағы батыл әрі тартымды бейтаныс ер адаммен бірінші болып сөйлесуге дайын болып шықты.

Зерттеу авторлары мұның бәрі тек адамдардың пікіріне негізделгенін, бұл іс жүзінде мүлдем сенімді әдіс болатындығына кепілдік бере алмайтынын айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: