Қазақстандық жас шахматшылар Батыс Азия чемпионатында ел қоржынына 39 жүлде салды

Қазақстандық жас шахматшылар Батыс Азия чемпионатында ел қоржынына 39 жүлде салды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 15:44 Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы
8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Батыс Азия чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар 39 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның 16-сы алтын, бұл турнирдің үздік нәтижелерінің бірі. 13 елдің намысын қорғаған 391 қатысушының басы қосылған бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы бағдарламаның әр түрінде – рапид, блиц пен классикада сенімді түрде басқалардан басым түсті.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Медальдерді түрлері бойынша бөлгенде:

  • Рапид: 7 алтын, 3 күміс, 4 қола (барлығы 14 медаль);
  • Блиц: 5 алтын, 3 күміс, 1 қола (барлығы 9 медаль);
  • Классика: 4 алтын, 3 күміс, 9 қола (барлығы 16 медаль).

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

7 жасар Әдинұр Әділбек пен 13 жасар Мария Холявко шахмат сүйер қауымды ерекше таңдандырды – олардың әрқайсысы екі алтын және бір қола медальден жеңіп алып, турнирдің басты қаһармандарына айналды.

"Қазақстан мақтан тұтатын біздің жас таланттарымыз бұл жолы да төбемізді көкке жеткізді! Олардың жеңістері – жай ғана медаль емес. Бұл шахматқа деген зор сүйіспеншіліктің, күнделікті қажырлы еңбектің және өзінің күшіне деген сенімнің жемісі. Осындай әр жетістік барлығымыз бірге Қазақстанның мықты шахмат мектебін құрып жатқанымызды еске салады. Бұның жақсы нәтижесін көріп жатырмыз. Баршамызға осындай зор қуаныш сыйлаған дарынды спортшыларға, олардың ата-аналары мен жаттықтырушыларына рақмет. Осындай бақытты сәттер көбейе беруі үшін жұмысты одан әрі жалғастырамыз!".Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Бұған дейін "Жетісудың" волейболшы қыздары алғаш рет Азияның клубтық Чемпиондар лигасының чемпионы атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: