"Жетісу" волейболшы қыздары алғаш рет Азияның клубтық Чемпиондар лигасының чемпионы атанды

Чемпион, Жетісу, волейбол, қыздар, Азияның клубтық Чемпиондар лигасы, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 19:24 Сурет: Серік Қантаев
«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші хабармен Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі бөлісті.

Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді.

Айта кетсек «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.

Сурет: Серік Қантаев

Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары қатысқан болатын.

Бұған дейін дзюдодан Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынасатынын жазғанбыз.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: