ҚР АШМ аса қауіпті зиянды организмдер тізбесін толықтырды
Сурет: pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 10 маусымдағы бұйрығымен аса қауіпті зиянды организмдер тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа бұйрық бойынша аса қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енген өсімдік зиянкестері:
үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус);
зиянды бақашық;
астықтың сұр көбелегі;
гессен шыбыны;
астық қоңыздары;
мақта көбелегі;
өрмекші кене;
саршұнақтар;
тышқан тәрізді кеміргіштер;
колорадо қоңызы;
қырыққабат күйесі;
шалғын көбелегі.
Дәнді дақылдардың аурулары – тат ауруы, септориоз.
Осы организмдер мен ауру түрлеріне профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript