Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте түнде серуендеп жүрген 150-ден астам бала анықталды

кәмелеттік жасқа толмаған балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 10:13 Сурет: polisia.kz
Жаз келгелі Шымкент қалалық ювеналдық полиция басқармасының инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, 26 ​​мамырдан бері полиция қызметкерлері мегаполисте түнде заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерлерде жүрген 155 жасөспірімді анықтады.

Ал балаларының түнде серуендегені үшін ата-аналар жауапқа тартылады. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігіне сәйкес 151 азаматқа түнгі сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін көшеде жалғыз жүргені үшін ескерту жасалды. Осы баптың бірінші бөлігі бойынша түнгі сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін төрт ата-ана жазаланды.

Кәмелетке толмағандардың осы мекемелерде болуына жол бергендерге ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша айыппұл салынды. Айта кетейік, кәмелетке толмаған баланы түнде ұстау кезінде полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оның жеке басы анықталып, ата-анасына хабарланады.

Егер ол ойын-сауық мекемесінде ұсталса, ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал көшеде ұсталса, онда бірінші рет ескерту жасалады. Келесі жолы 7 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: