Жаңалықтар тізбегі
0

Қонаев қаласының тұрғындары масаның көптігінен далаға шығудан қалған

маса қаптап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 14:14 Сурет: pixabay
Қонаев қаласының тұрғындарына маса маза бермей жатыр. Қансорғыштардың кесірінен жұрт кешкілік көшеге шығудан қалған. Дененің ашық жерлеріне арнайы крем жағып амалдап отыр. Улау жұмыстары жүргізілгенімен, азаяр түрі жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонаев қаласының тұрғындары маса биыл ерекше көбейіп кеткенін айтады. Аяулым Кенжеханқызы күндіз ыстықтан, түнде масаның кесірінен сыртқа шыға алмай қалдық дейді. Ол аздай баласының денесінде зиянкестен бөртпе пайда болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Баланың үстін шағып тастады. Түнімен жылап шығады. Масалар өте көп. Үйдің ішінде де бар. Далаға шықсақ та. Аяулым Кенжеханқызы, Қонаев қаласының тұрғыны

Бұл мәселеге қатысты санитар дәрігерлер масаны улау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Қазір қаланың айналасын, әсіресе, қамысты алқаптарды дәрілеп жатыр дейді. Жалпы Қонаев маңында 46 су тоғаны бар. Ондағы қансорғыштарды жою мақсатында 60 гектар аумаққа дезинфекция жұмыстары жүргізілген.

Безгек ауруының алдын алу мақсатында біз 16 мамырдан бастап масаларды улауды бастадық. 1 айдан соң екінші кезеңі өтті. Енді әсер ете бастайды. Қалада көл болғандықтан,әрі биыл жауын-шашын көп жауғандықтан, масаның қаптағаны заңды. Олармен күреске қолданатын дезинфекциялық заттар жеткілікті. Лариса Радугина, Қонаев қаласының санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

Тұрғындар масаның ордасы көл аумағында ғана емес, көпқабатты үйлердің жертөлесінде де көп екенін айтып отыр. Себебі, іші суға толып қалған. Кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс дейді.

Көп қабатты үйлерде КСК-ның тұрғылықты адамдардың есебінен жүргізілетін жұмыстар. Қала бойынша жұмыстар өткізілген. Бірақ қазіргі уақытта бюджеттен ешқандай қаражат бөлінбеген. Марғұлан Жолдахмет, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары

Дезинфекция жұмыстарын жүргізетін қызмет түріне күніне 10 шақты тұрғын көмек сұрап хабарласады. Компания өкілі ауқымды жұмыс қолға алынбай, жеке тұрғын үйлерді, аулаларды улау нәтиже бермейді деп отыр. Сондықтан масадан мазасы қашқан тұрғындар әкімдіктен кешенді дезинфекция жүргізілуін талап етеміз деп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: