Жаңалықтар тізбегі
0

Миллиардтық бизнес немесе жатақхана салу арқылы мемлекеттен төлемдерді қалай алуға болады?

қаржы орталығының мәліметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 13:00 Сурет: Zakon.kz
Тиімді және өзін-өзі ақтайтын бизнеске капиталды инвестициялау–тәжірибелі және табысты кәсіпкердің басты міндеттерінің бірі.

Осы ретте мазалайтын бір ғана сұрақ – Ақшаны әрекет етіп тұрған істі дамытуға салу керек пе, әлде жұмсалған қаражатты кепілді түрде қайтаруға болатын жаңа бір саланы байқап көрген дұрыс па?

Бұл сұраққа жауап табуда операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылатын студенттік жатақханалардың құрылысын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның біршама көмек болары сөзсіз. Компания өкілдерінің атауынша, Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасымен 2018 жылы іске қосылған тетік 4 жылдан бері бүкіл Қазақстан бойынша сәтті іске асырылып келеді. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қолдаудың арқасында отандық кәсіпкерлер 30 630 орын-жайға арналған 124 студенттік жатақхананы іске қосып, өткен жылдардағы құрылыс қарқынынан бірнеше есе жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп отыр. Осылайша білім алушылар үшін тұрғын үй тапшылығы мәселесі ішінара шешілді. Тағы бір маңызды жайт – кәсіпкерлер мемлекеттен тұрақты төлемдер ала бастады.

«Бағдарлама қалай жұмыс істейді?» дейсіз бе? Оп-оңай, – дейді компания өкілдері.

Кәсіпкер Бағдарламаның операторы «Қаржы орталығы» АҚ-мен шарт жасасады да, өз қаражаты есебінен жатақхананың құрылысына кіріседі. Объект салынып, пайдалануға енгізілгеннен кейін ақшалай төлемдерді алуға өтінім беріледі.

Мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері тұратын әрбір студентке Алматы қаласы үшін 144 АЕК-ті және еліміздің басқа өңірлері үшін 122 АЕК-ті құрайды. Төлемдер 8 жыл бойы жүргізіледі. Мысалға, Алматыда тұрғызылған 500 орындық жатақханаға білім алушылар толық қоныстанған жағдайда 2022 жылға төлем 220 млн теңгеден асады. Барлығы кепіл етілген мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын сегіз жылдық кезеңнің ішінде кәсіпкерге шығындарының өтемақысы ретінде мемлекеттен шамамен 2 млрд теңге төленеді. Басқа қалаларда осыған ұқсас объектілер үшін төлемдер мөлшері жылына 186 млн теңгеден асады. Бұл жерде ерекше айта кететін жайт, төлемдер сомасы АЕК мөлшерлемесіне байланысты, сондықтан оның мөлшері жыл сайын артып отырады, – дейді «Қаржы орталығы» АҚ-дағылар.

керекті ақпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 13:00

Сурет: «Қаржы орталығы» АҚ

Мемлекеттік бағдарламаға басқа амалды қолдану арқылы, яғни құрылыс емес, ғимаратты жатақхана етіп қайта құру (реконструкция жасау) арқылы да қатысуға болады. Жарамды ғимарат болса, оны жатақханаға қойылатын талаптарға сәйкес келтіру қажет. Осылай мемлекеттік тапсырысты орналастыруға шарт жасасып, 8 жыл бойы төлемдер аласыз. Мұндай тәсіл әсіресе қонақ үй бизнесінің өкілдеріне қолайлы. Бұл жағдайда жылына бір орынға өтемақы төлемдерінің мөлшері 47 айлық есептік көрсеткішті, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін 92 АЕК-ті құрайды, немесе ғимаратты 500 студент сыятын жатақхана етіп реконструкция жасаған жағдайда мемлекеттен қолдау көрсетілетін сегіз жылда өтемақылық төлем сәйкесінше 500 млн-нан 1,2 млрд теңгеге дейін жетеді.

Компанияда «Жатақханаларды салу және реконструкциялау–ұтымды жоба. Бұған бүкіл Қазақстан бойынша ондаған табысты бизнес-кейстер, кәсіпкерлерге өтемақы ретінде төленген миллиардтаған теңге, жайластырылған мыңдаған студент дәлел. Ең бастысы, уақытша тұрғын үй нарығында жоғары сұраныс бар. Бүгінгі таңда Қазақстанда 84 мыңнан астам жатақхана орындары жетіспейді. Ең үлкен қажеттілік Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және Түркістан облысында байқалады. Кәсіпкерлерге осы өңірлерге назар аударған жөн. 2025 жылға қарай студенттер саны 300 мыңға дейін артпақ, бұл әлеуетті инвесторлардың клиентсіз қалмайтынына кепіл бола алады, - деп сеніммен айтып отыр.

өңірлер бойынша ақпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 13:00

Сурет: «Қаржы орталығы» АҚ

Бағдарламаның тағы бір ұтымды жағы – объекті іске қосылған бірінші жылы жатақхана иелеріне қолдау көрсетіледі. Төлемдер 12 айдың ішінде екіге тең түзету коэффициенті ескеріле отырып жүргізіледі. Мысалы, сыйымдылығы 200 адамға арналған жатақханада барлығы 80 студент тұрған жағдайда төлемдер 160 орынға жүргізіледі, бірақ жобалық қуатынан аспайды.

Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша 8-800-080-28-28 (ҚР бойынша қоңырау шалу тегін) телефон нөмірі арқылы «Қаржы орталығы» АҚ мамандары консультация беруге дайын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: