Алматыда 36 градус ыстықтан қалай қорғанамыз
Ведомство қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтпеу үшін жаяу жүруден бас тартуға шақырды. Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ауа температурасы көтерілген сайын қанның концентрациясы жоғарылайды, тыныс алу қиындайды, жүрекке жүктеме артады, қан қысымы көтеріледі.№8 қалалық емхананың меңгерушісі Әйгерім Жұмасіл
Қала әкімдігінің хабарламасында дәрігер жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен ауыратындарға, оның ішінде аллергияға шалдыққандарға, артық салмақтан зардап шегетіндерге, қалқанша безімен ауыратындарға және басқаларға күтім жасауды ұсынады.
Ыстықтан қалай қорғануға болады?
қатты ыстық уақытта көшеге шықпау;
терінің түріне байланысты күннен қорғайтын крем мен ылғалдандырғыштарды қолдану;
сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін баскиім киіп жүру;
табиғи матадан жасалған ашық түсті әрі жеңіл киім кию;
ащы және майлы тағамдарды жеуге болмайды;
кофе, алкоголь және газдалған сусындардан бас тарту;
суды көп ішу, күніне кемінде 1,5 литр.