Түркістан облысында жеті жасар қыз алюминий бидонға кептеліп қалды

бидонға қыз кептеліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 09:27 Сурет: pixabay
Оқиға Атакент ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2015 жылы туған қыз, ересектердің қарауынсыз қалып, 25 литрлік бидонға кептеліп қалған.

Баланың ата-анасы құтқарушылардан көмек сұраған. 15 минуттан кейін оқиға орнында төрт қызметкер мен ТЖД бір техникасы болды. Қызды құтқару үшін дәнекерлеуді қолдану қажет болды. Содан кейін баланы бидоннан шығарып, ата-анасына тапсырды. Дәрігерлердің көмегі қажет болмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: