Сүйінші! Қостанай қаласының әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

"Қостанай" әуежайы, Қостанай, Ахмет Байтұрсынұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 12:23 Сурет: primerminister.kz
Қазақстан үкіметінің қаулысымен «Қостанай» халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қостанай халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», – делінген құжатта.

Бұл ұсынысты әуежай қызметкерлері жасаған-ды. Депутаттар оны қолдады.

Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1938) — ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Алаш ардақтысы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: