Күн күркіреп, жаңбыр жауады – демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

күн күркіреп, жаңбыр жауады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2022 12:02 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан бойынша 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Көп өңірлерде, найзағай күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» РМК

Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста +30+41°С, солтүстік-батыста +22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+ 30°С, ауа температурасы шығыста +17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін республиканың оңтүстігінде температура көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: