ҰҚК арнайы операциясы: 1,3 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді
Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылдың маусым айының қорытындысын шығарды: есірткіге қарсы 21 операция жүргізілді, яғни Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметі және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баспасөз қызметі осы уақыт ішінде есірткі саудасының 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылғанын түсіндірді. Синтетикалық препараттарды шығаратын үш жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды.
Сонымен қатар, арнайы операция барысында есірткі құрылымдарының 31 мүшесі ұсталды.
Сондай-ақ заңсыз айналымнан 120,6 кг есірткі, оның ішінде 61,8 кг синтетикалық есірткі (206 мың «бір реттік дозаға» баламалы), 6 кг марихуана, 52,7 кг гашиш тәркіленгені атап өтілді. Сондай-ақ, 6 мың экстази таблеткасы мен психотроптық заттарды жасауға арналған екі тоннадан астам химиялық заттар айналымнан алынды.
Маусым айында тәркіленген есірткінің жалпы сомасы «қара нарықта» 1,3 миллиард теңгеден асады. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript