Қарағандыда оқушы құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті

бала лифт шахтасына құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2022 16:03 Сурет: pixabay
Қарағандының орталығында құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына 11 жасар бала құлап кетті. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицейлердің мәліметінше, бұл факт 3 шілде күні түс ауа болған.

Бесінші қабаттан құлаған 11 жасар бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты. Қарағанды ​​облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасыбаспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: