Жаңалықтар тізбегі
0

Сот үкімімен Қазақстаннан қуылған Өзбекстан азаматы аты-жөнін өзгертіп, елге қайта оралған

Құжаттарды өзгерткен, атын өзгертіп елге оралған, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 10:15 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары аумақтық пәтер аралау жұмыстарын жүргізді. Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде 27 жастағы ер адам күдік туғызған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттарын тексеру барысында оның Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды. Дегенмен оның ұсынған төлқұжаты күмәнді көрінді.

Кейін ер адамның төлқұжаты жалған екені белгілі болды, деп жазады КТК телеарнасы.

Айта кетейік, аталған азамат 2019 жылы Қарағандыға келіп, көші-қон заңнамасын бұзған. Бұған қоса, ол Қазақстан аумағында жүріп-тұру мерзімін бұзды. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен елге бірнеше жылға кіруге тыйым салынған.

Өзбекстанда болған кезінде аталған жігіт өзінің жеке мәліметтерін толығымен өзгерткен: тегін, атын, әкесінің атын.

Жаңа төлқұжат жасатып алып, Қазақстанға қайта оралған, алайда оның мұндай қитұрқы амал-әрекеті әшкере болып қалды.

«Заңсыз - 2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қызметкерлер Тәжікстан Республикасының 25 жастағы азаматын анықтады. Шетелдіктің төлқұжатында оның Қазақстан шекарасынан өткені туралы белгі болмаған. Екі дерек бойынша ҚР ҚК 392-бабы «мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: