Жаңалықтар тізбегі
0

Интернет нашар болса, қазақстандықтар қайда шағымдана алады

интернет, компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 13:18 Сурет: pexels
11 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз байланыс пен интернет қызметтері үшін жазаны қатайтатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді заңбұзушылықтар анықталса, байланыс операторларына 100 АЕК орнына 1000 АЕК айыппұл салынады, ал жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 200-ден 1500 АЕК-ке дейін өседі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің талдауы көрсеткендей, байланыс сапасының төмендігі туралы шағымдар саны 10 есеге өскен.

2021 жылдың қорытындысы бойынша министрлік 562 тексеру жүргізген (2020 жылы – 51, 2019 жылы – 93).

Байланыс пен интернет сапасыз болса, қайда шағымдануға болады?

Ресми өтінішті «Электрондық үкімет» порталы, «Е-Өтініш» өтініштер жүйесі арқылы немесе қағаз жеткізгіште тиісті облыстың Телекоммуникациялар комитетіне (ТКҚБК) немесе министрліктің аумақтық коммуникациялар инспекциясына жолдау қажет.

Шағымда шағымның нысанасы, байланыс операторының атауы және тексеру жүргізу қажет болған жағдайда өтініш берушінің нақты мекенжайы көрсетілуге тиіс.

Прокуратура шағымды алғаннан кейін тексеру тағайындау туралы актіні тіркейді.

Тексеру барысында көрсетілетін байланыс қызметінің сапасына өлшемдер алынады. Операторға қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, бапқа сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік хаттама жасалады. ӘҚБтК-нің 637-бабына сәйкес бұзушылықтарды лауазымды тұлға белгілеген мерзімге жою туралы ұйғарым шығарылады.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: