Жаңалықтар тізбегі
0

Пандемия. Елімізде онлайн емшілердің дәурені жүріп тұр

Онлайн емші, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 22:52 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарған талай емші көпті қашықтықтан-ақ "емдеп", табыс тауып, өз ісін дөңгелетіп жатыр. Мамандар, көбіне, ондайлардың құрығына түсетіндер, сауатсыз жандар екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде қашықтан қабылдаймын деген жарнамасын оқып бір емшіге хабарласқан едік. Ол суретім мен алдын-ала төлем жасауды сұрады. Сурет жіберілді, ақша төленді. "Иығым маза бермей ауырып жүр" дей салдық. "Сіздің жауырыныңыз жабысқан. Қатты жабысқан. Жауырыныңызды ашу керек. Қазір маған 1 стаканға су құйып суретке түсіріп жіберіңіз ватсапқа. Мен сізге сол суды оқып беремін. Соған тұз араластырып жауырыныңызға жағасыз", деп салды. Жасыратыны жоқ жуырыныңды онлайн ашып беремін дегенде біраз таңданып қалдым. Қызық мұнымен бітпеді. Беттің арын белге байлаған әйел енді денсаулығың мазаламайтындай етіп оқып беремін деп уәде берді. Тек өзі айтқан «ставкасын» берсем болғаны.  "10 мың теңге болады, 10 мың теңге. 10 мың теңге? Иә, 2 күн, 3 күнде емдеп шығамын", - деді ол тағы, делінеді Astana.tv- ның арнайы сюжетінде.

Онлайн түрде де осындай бір әртүрлі, шариғатымызға, ислам дініне қарсы келетін жолдармен ақша тауып, адамдарды алдап, арбап, тіпті осы арқылы дінге де қарсы шығып кеткен кісілерді қоғамда көріп жатамыз. Сондықтан , әлбетте, мұндай нәрселерге дініміз қарсы. "Әлжан ана" мешітінің наиб имамы Азамат Ақтанов

Ал, психотерапевт Лаура Жексембаева адамдар көріпкелдің алдына өмірден соққы алып, өзегі талғанда, байлығынан айырылып, бақытын жоғалтқанда көп баратынын айтты. Сондай-ақ, маман ем іздеп тәуіп аралап жүргендердің көбеюі тұрғындардың психологиялық тұрғыдан сауатсыз екенін көрсететі дейді.

Адам тіректі сырттан іздей бастайды. Яғни, қандай да бір бақсы оған «мен сенің мәселеңді шешіп беремін, көмектесемін» - деп үміт сыйлайтын болса ол адам тез монипуляцияға ұшырап, оның айтқанынын барлығын істеуге көндігеді. Психотерапевт Лаура Жексембаева

Ем іздеймін деп қалтадан қағылып жүрген жұрт балгерге барар алдында соқыр сенімнің жетегінде қалай кетіп қалғанын байқамай қалады. Ал, дәл осылай көпті алдайтын көріпкелдерге құрық салатын заң әзірге біздің елде болмай тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: