Қазақстанға биыл өткен жылғымен салыстырғанда екі есе көп мигрант келді
Сурет: pixabay
2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында елімізге 6 227 адам келсе, шетелге кеткендердің саны - 9 034. Демек, көші-қон сальдосы 2 807 адамды құрайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында елімізге сырттан 3 662 адам келсе, шетелге кеткендері - 9 862. Бұл кездегі көші-қон сальдосы 6 200 адамды құрады.
Еліміздің негізгі көші-қон қозғалысы ТМД мемлекеттерімен арада жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,1% - ды, көшіп кеткендердің үлесі - жалпы көшіп-қонушылар санының 81%- ын құрады.
Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 2,1 пайызға азайды.
Өңіраралық көші-қон бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы үш қалада қалыптасты: Алматы (14 481 адам), Нұр-Сұлтан (12 783 адам) және Шымкент (1 773 адам).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript