Тоқаев қант мәселесіне байланысты Сұлтанов пен Қарашүкеевке сөгіс жариялады
Сурет: primeminister.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қызылша қантының үлесін алты есеге – 7-ден 43 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Дегенмен, соңғы 4 жылда қант қызылшасының алқабы үштен бірге қысқарды. Біз 90 пайыз импорттық қантқа тәуелдіміз. Бұл жерде ЕАЭО аясындағы шешімге сілтеме жасауға болады, бірақ қалай болғанда да, бұл үкіметтің өрескел қателігі. Сондықтан олар мемлекеттің ұстанымын қорғаған жоқ. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашүкеевке сөгіс жариялаймын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript