Тағы бір министр Тоқаевтан сөгіс алды
Сурет: Экология министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киіктерді атуға рұқсат бергені үшін – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрге ақбөкен популяциясының болашақ тағдыры төңірегінде түсініксіз қағазбастылық пен талқылауды бастағаны үшін сөгіс айтамын. Осының бәрін қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің не қажеті бар? Бұл мәселеге өз ұлтымыздың менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыдан қарауымыз керек. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы киіктердің қазақ үшін киелі жануар екенін атап өтті. Бірақ санды реттеудің басқа әдістері бар.
80 мың ақбөкенді табиғи ландшафттан шығару, яғни қыру жөнінде ұсыныс жасалуда. Бірақ басқа әдістер бар, сарапшылармен кеңесіңіз. Бұл экстремалды шаралар. Бұл шараға бару қажет болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл шектен шыққан шара, деп баса айтамын. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін Тоқаев қант жағдайына байланысты Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевке сөгіс жариялаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript