Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездеседі
Сурет: akorda.kz
20-21 шілдеде Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуге Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысады.
Ел басшылары аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер мен қиыншылықтарға бірлесіп жауап беруде Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасады, аймақ мемлекеттерінің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері қаралады. Мұратбек Азымбакиев, Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі аясында аймақ елдері арасындағы достықты, тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кейбір елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript