Жаңалықтар тізбегі
0

Сана Анарқұлова: Бір уақытта қалай ойыншы және директор болу керек

Сана Анаркулова, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 14:49 Сурет: Parimatch
Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова серіктесі Parimatch болып табылатын «Алтай» волейбол клубының директоры болып тағайындалды. Қазіргі спортшы және команда капитаны сұхбатында жаңа тағайындау, болашақ жоспарлар және екі рөлді біріктіру туралы ойларымен бөлісті.

-Сіз жаңа лауазымды мақсатты түрде көздедіңіз бе? Тағайындалғаннан кейін қандай эмоцияларға бөлендіңіз?

Әрине, клубты басқару, директор рөлінде болу деген мақсатым болған жоқ. Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, өйткені мен кем дегенде тағы бір маусымды ойнауды жоспарлаған едім. Бірақ осы ұсыныстан кейін менің жоспарларым аздап өзгерді. Мені бағалайтыны, клубты сеніп тапсырғаны және «Алтай» сияқты жүйеге басшылық етуді ұсынғаны мен үшін өте қуанышты жағдай. Сонымен қатар, бұл спорттың тек бір жағында болған ойыншы ретінде мен үшін үлкен жауапкершілік. Енді мен өзімді клуб директоры ретінде сынап көруім керек.

- Сіз жаңа рөлді спорттық мансаппен үйлестіруді қалай жоспарлап отырсыз?

Мені тағайындау туралы көптеген пікірлер мен айтылған сөздерді оқыдым. Көбісі ойнайтын жаттықтырушыны, жаттықтырушының көмекшісін ойын барысынан кездестірген, алайда клубтың директоры ойнағаны ешқашан болған емес. Осындай ұсыныстан кейін мен ойыншы мен директордың міндеттерін бір уақытта біріктіре аламын ба деген сұрақ туындады. Қазір мен үшін жаңа жұмыстың үлкен көлеміне тап болдым. Меніңше, дұрыс таңдау жасау керек, сондықтан мен ойланудамын. Бірақ егер мен екеуін біріктіріп алып жүре алсам, онда бұл керемет болар еді.

-Сіздің тағайындауыңыз туралы білген кезде команда қандай әсерде болды?

Команда үшін де, мен үшін де бұл жаңалық күтпеген жағдай болды. Бірақ барлық қыздар мені қолдады және құттықтады, мүмкін мұндай өзгерістер жақсы болады деп айтты.

-Жаңа лауазымнан қандай үміт күтеміз? Сізде жоспарлар бар ма? Қандай өзгерістер жасағыңыз келеді?

Мен үшін бұл лауазым – жаңа тәжірибе. Маған қиын болады, әрине, бұл – жауапкершілік және үлкен жүктеме екенін түсінемін, бірақ мен тырысамын. «Алтай» әрдайым бірінші орындарды иеленуі үшін, сонымен қатар басшы тұлғасында біздің клубымыздың үздік болып қалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Өзгерістер болады, бірақ, олар шағын болады деп ойлаймын.

- Сіз өзіңіздің спорттық мансабыңыздан жаңа лауазымға негіз ретінде нені алар едіңіз?

Спортшы, тәжірибесі мол ойыншы ретінде жаңа лауазым екенін түсінесің – бұл басқа жұмыс, және менің бойыма біткен, дамыған, өзін орнықтырған осы қасиеттердің бәрі маған көмектесетін болады. Бұл табандылық, құлшыныс, мақсатқа жетуге деген ұмтылыс, көшбасшы қасиеттері.

-Жаңа маусымға дайындық қалай өтуде? Жаттығу форматы және құрамдағы өзгерістер жоспарланып отыр ма, сол туралы толығырақ айтып берсеңіз?

Қазір бізде демалыс әлі жалғасуда. Маусым ұзақ болды, команда күш жинауы керек. Біз дайындықты 10 шілдеде бастауды жоспарлап отырмыз, бірақ біздің көптеген ойыншылар – ұлттық құраманың мүшелері болғандықтан, қыздар Петропавлда оқу-жаттығу жиындарында жаттығуды бастады. Команда құрамында өзгерістер, әрине, болады. Жоспарда аздап «жасару» бар, көбірек перспективалы ойыншылар жинау, тіпті күшейіп, біздің қыздарымызды «Алтай-2» - ден, негізгі командаға біртіндеп көшуге дайын және кәсіби жағынан өскендерді аламыз деген ойдамыз.

- Команда құрамы қалай қалыптасады?

Құрам жаттықтырушымен бірге кеңесте құрылады. Барлығы талқылануы керек. Қазір біз бас бапкер лауазымына келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бізде кандидаттар бар, және бұл лауазымды бекіткеннен кейін біз құрамды қалыптастыра бастаймыз. Егер осы маусымда жақсы ойын көрсеткен қазақстандық жас ойыншылар туралы айтатын болсақ, бізге «Жетісудан» келген Валерия Чумак пен Татьяна Никитина және либеро Томирис Сағымбаева ауысты.

- Алдағы маусымнан қандай үміт күтесіз?

Мен ойыншы болған уақытта да, қазір директор ретінде қызмет етсем де, тек 1 орынды көздеп отырмын. Біз өзімізді «Алтай» ретінде басқа орындарда , тіпті елестете алмаймыз. Біз әрқашан чемпионаттың көшбасшысы болуымыз керек. Сондықтан бірінші орынды жеңіп алуға тырысамыз. Бірінші рет чемпионатты жеңіп алған кезің ол бір бөлек - бұл өте қиын. Оны жыл сайын қайталау қиынырақ соғады. Тапсырмамыз тек осындай.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: