Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстанда төрт адам кене энцефалитіне шалдықты

кене шағып, энцефалитке шалдықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 17:41 Сурет: pixabay
Шығыста 4 адам кене энцефалитіне шалдықты. Оның үшеуі Өскемен қаласының тұрғыны болса, енді біреуі – қотанқарағайлық. Олар медициналық көмекке жүгінбеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен дәрігерлер денсаулықтары қалыпты екенін айтады. Ал жалпы аймақта сәуір айынан бері 3102 адамды кене шаққан. Оның 40 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен, мамандардың айтуынша, өңірде өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны биыл әлдеқайда аз. Ерте көктемнен бастап эндемиялық, яғни кене шағу қаупі жоғары аудандарда жылына екі рет зиянкестерді улау шаралары жүргізіледі. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары кене энцефалитіне қарсы егілетін иммуноглобулин қоры жеткілікті деп отыр.

Жалпы шығыста бірнеше аудан мен Риддер, Өскемен қалалары кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: