Қазақстанда аптап ыстық сақталады

Аптап ыстық жалғасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 17:08 Сурет: pixabay
Синоптиктер 23 шілдеге Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. «Қазгидромет» РМК

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматының оңтүстігінде, Қостанай, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Жамбылдың басым бөлігінде, Қызылорданың оңтүстігінде, Түркістанның батысы мен шөлді аймақтарында, Жетісудың оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: