Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ азаматтық және қызметтік қару айналымының қағидаларына өзгеріс енгізбек

Қару, Ішкі істер министрлігі, тапанша, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 13:48 Сурет: pexels
Ішкі істер министрлігі азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін өзін – өзі қорғайтын тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын және аңшылық қаруды қоспағанда, азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар, – делінген құжат мәтінінде.

Ал өзін-өзі қорғаудың тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қаруын, оны алып жүру және аңшы куәлігі болу құқығынсыз және тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын, пневматикалық аңшылық қаруды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін 21 жасқа толғаннан кейін сатып алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.

Аңшы куәлігі бар 21 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар.

Белгі беру, аңшылық қару, механикалық бүріккіштер, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольдік және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-ден аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейін қоса алғанда пневматикалық қару, қаруға конструкциялық жағынан ұқсас бұйымдарды Қазақстан Республикасының азаматтары оларды сатып алуға рұқсатсыз сатып алады.

Құжатта қару мен патрондар стеллаждарда, жекелеген (әрбір қару иесі үшін) нөмірленген бөліктерде (орындарда) оғы  алынып тасталған күйінде сақталатыны баса айтылған.

Бұйрық жобасы 5 тамызға дейін қоғам болып талқылау тақылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: