Алматы облысында көкпаршылар жолда тәртіпсіздік ұйымдастырды
Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Алматы облысында көкпардан кейін ер адамдар жолда тәртіпсіздік жасаған видео пайда болды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбада олар көліктерді кесіп, жол ережесін бұзып, орынсыз әрекеттерімен өтіп бара жатқандарды қорқыта бастайды.
Белгілі болғандай, 24 шілде күні сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Кеңдала ауылында орналасқан гашыенда «Көкпар» ұлттық ойыны өтті.
Ойынға Еңбекшіқазақ ауданының (Қайназар, Рахат, Қазақстан), сонымен қатар Талғар ауданының (Туғанбай) тұрғындары болып табылатын жастар қатысты. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бұл факті полиция басқармасы басшылығының бақылауына алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript