Доллар бағамы күрт төмендеді

доллар арзандады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 15:52 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 0,10 теңгеге арзандап, 8,30 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 70,37 теңгені (-0,92) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 479-483 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 486-492 теңгеге өсті. рубль – 7,2-7,75 теңге.

Бұл ретте 22 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы қыркүйектегі фьючерстері 0,81 долларға арзандап, барреліне 102,39 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 0,93 долларға арзандап, барреліне 93,77 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: