Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді

Адам өліміне алып келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 10:37 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстауда жол бойында жанжал туындап, көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Мұнайлы ауданы Жаңа Дәулет ауылында болды.

35 жастағы күдікті егде жастағы зейнеткерді жол бермегені үшін ұрып-соғып, дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал зардап шеккен тұрғын сол жерде көз жұмды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: