Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі күшейтіледі
Сурет: Zakon.kz
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі күшейтіледі. Қалалық әкімдік әр көлікке 3-4 бақылау камерасын орнатпақ.
Себебі соңғы уақытта автобус жүргізушілерін ұрып-соғу, балағаттау, оларға дөрекілік көрсету жағдайлары жиілеп кеткен.
Сондай-ақ жүргізушіні алаңдатпас үшін қолма-қол төлем жасауға тыйым салынбақ, деп жазады qazaqstan.tv.
Сәйкесінше төлемді онлайн жасау үшін арнайы QR-кодтар мен валидаторлар көбірек қойылады.
"Арнайы есігі болады, жабулы тұрады. Сосын біз биылдан тамыз айынан бастап қоғамдық көлікте қолма-қол ақша беруді тоқтатуға жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені көп жағдайда біз зерделей келе жолаушы мен жүргізуші арасындағы келіспеушілік ақшаны берген кезде оны қайтаруы осы кезде көптеген оқиғалар болып жатыр." Азамат Ешанқұл, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы
Маманның сөзінше кейде ережені ескермей, тәртіп бұзатын жүргізушілер қайта оқытылады.
Өйткені қоғамдық көлік жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз транспорт болуы керек. Алайда тұрғындардың да уәжі бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript