Жаңалықтар тізбегі
0

Калифорнияда алапат өрт салдарынан 41 ғимарат өртеніп кетті

Көлік өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 12:11 Сурет: pixabay
Калифорния штатында биылғы ең ауқымды орман өртінен кемінде 41 ғимарат өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Калифорния орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаментінің мәліметінше, жалын 73,2 шаршы шақырым орманды алқапты қамтыды.

Өрт жұма күні Калифорнияның орталық бөлігіндегі Марипоса округінде орналасқан Йосемити ұлттық паркі маңайында басталған, деп жазады ҚазАқпарат News CN сілтеме жасап.

Сейсенбідегі жағдай бойынша жалынның 26 проценті ауыздықталды. Осы жұмыстарға 3 мың өрт сөндіруші мен авиация жұмылдырылған.

41 жылжымайтын мүлік нысаны өртеніп кетті. 1440 ғимарат әлі де қауіп аймағынла тұр.

Йосемити ұлттық паркіне жақын жердегі Уошберн қаласы маңындағы басқа өрт 19,7 шаршы шақырым орманды жойып жіберді. Орманның 87 процентіндегі өртті сөндіруге үш апта кетті.

Құтқарушылар өрт сөндіру кезінде парктегі ең көне әрі алып ағаштарды сақтап қалуға тырсып жатыр.

Өрт салдарынан жергілікті мыңдаған тұрғын эвакуациялануға мәжбүр болды. Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом өрттің тез таралуына байланысты Марипоса округінде төтенше жағдай жариялады.

Өрт сөндірушілердің мәліметтері бойынша биыл Калифорния штатында өрт 214,5 шаршы шақырым орманды жойып жіберген. Оған қуаңшылық пен елдегі жоғары температура себеп болып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: