Қазақстанда ыстық саябырсиды, бірақ ұзаққа созылмайды

жаз, ыстық, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 12:49 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстандағы 28-30 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елімізде аптап ыстықтың әлсіреуі болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде метеорологиялық жағдай қазірдің өзінде нашарлай бастады. Бұған республика аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық фронт себеп болды.«Қазгидромет» РМК

Ведомствоның хабарлауынша, фронтальды бөліктің бірте-бірте қозғалуы елдің солтүстік жартысында, одан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында республиканың оңтүстік-шығысында күн күркіреп, қатты жаңбыр жаууына, жел күшейіп, кей жерде бұршақ жаууына әсер етеді.

Мұның бәрі солтүстікте күндізгі термометрлер көрсеткіштерінің төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында аптаптың әлсіреуіне ықпал етеді.«Қазгидромет» РМК

Күндіз ауа температурасы төмендейді деп болжанды:

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде күндіз +20+30°С-тан +15+25°С-қа дейін;

Республика орталығында +25+33°С-тан +18+27°С-қа дейін;

Шығыс облыстарда ыстық +25+35°С-тан +19+29°С-қа дейін төмендейді;

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +30+39°С-тан +25+36°С-қа дейін;

Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы +28+35°С шамасында болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: