Анголада ірі алқызыл алмаз табылды

бағалы тас табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 13:26 Сурет: pixabay
Анголаның солтүстік-шығысында салмағы 170 карат болатын алқызыл алмаз табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хабар 24 » телеарнасының мәліметінше, бұл әлемде соңғы 300 жылда кездескен ең ірі алқызыл алмаз болғалы тұр.

Асыл тас осы елдегі Луло кенінен алынған.

Оның нақты салмағы қырлап, тегістеген соң белгілі болмақ.

Бұл осы кеніштен табылған салмағы 100 караттан асатын бесінші алмаз.

Дәл осы шахтада бұған дейін салмағы 404 карат болатын ірі гауһар тас шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: