Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 15:54 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,20 теңгеге төмендеп, 478,78 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Ресей рублінің орташа сараланған бағамы қайтадан өсіп, 8,02 теңгеге (+0,08) жетті.

  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,19 теңгеге (+0,15) дейін көтерілді.

  • Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк бағамды 486,93 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 479-483 теңге, еуро 487-495 теңге, ресей рублі 7,35-7,8 теңгеден сатылуда.

Ал, 28 шілдедегі таңғы сауданың қорытындысы бойынша әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, қыркүйек айындағы Brent фьючерстері Лондонның ICE Futures биржасында 0,7%-ға қымбаттап, барреліне $107,37 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 1,01%-ға өсіп, барреліне 98,24 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: