Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады

Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 17:48 Сурет: freepik
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуге ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, ИСМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев, сондай-ақ Қауымдастық төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова қатысты.

Еске сала кетейік, кеше Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын, деп жазады primeminister.kz.

Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне басымдық бере отырып қант жеткізуді ұйымдастыру үшін бүгінгі күннің ішінде оларға қажетті қант көлемі айқындалатын болады.

Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді, — деді кеңес соңында ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: