Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері көз жұмды

офицер қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 10:05 Сурет: gov.kz
Жамбыл облысында ҰҚК шекара қызметінің офицері қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі - миға қан құйылу, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 шілдеде Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасында ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Азат Үмбетұлының қайтыс болғаны анықталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствода нақтылағандай, өлімнің алдын ала себебі - миға қан құйылу.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: