Дағдарыс па әлде құрғақшылық па? Медиумдар елімізді алда не күтіп тұрғанын айтты
Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың жарты жылдығы артта қалды, бұл болашаққа көз жүгіртіп, Қазақстанды алдағы алты айда не күтіп тұрғанын болжауға оңтайлы кезең, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экстрасенс, емші әрі медиум Роза Оғлы отандастарын "әзірге бәрі жақсы" деп сендіреді.
Иә, мен жаңа карантинге байланысты кішкене қиындықтарды көріп отырмын, бірақ ол өткендегідей барлық жерді жауып тастаған секілді болмайды, оған қарағанда тыныш өтеді. Карантин шаралары қатаң болмайды, бірақ бетперде тағу міндеттеледі. Кейбір адамдар осының өзін дұрыс қабылдай алмай, наразылық білдіреді, бірақ бұл біздің игілігіміз үшін қажет нәрсе. Роза Оғлы
Медиум жыл соңына қарай Қазақстанның табысы күрт өсетінін болжайды. Сондай-ақ бұл - табиғи құбылыстар тұрғысынан қолайлы уақыт.
Мен табиғи апаттарды байқап тұрғаным жоқ, бірақ аптап ыстық соңына, яғни қыркүйектің ортасына дейін барады, одан кейін сынап бағаны түседі, негативті көріп тұрғаным жоқ. Роза Оғлы
Қазіргі заманғы эзотерик маман Юлия Шайн жақын болашақта белгілі бір бұлыңғырлық бар деп санайды.
Ешкімді қорқытқым келмейді, бірақ мен үйіңізге, отбасыңызға жақын болуға және ақша мен азық-түліктің белгілі бір қорын жинап қоюға, ақшаны тектен-текке ысырап етпеуге, жақындарыңызбен тығыз байланыста болуға кеңес бергім келеді. Юлия Шайн
Эзотерик кез келген болжам алдағы оқиғалардың қалай дамитынын көрсететін тек бір нұсқасы екенін баса айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript