Жаңбырдың соңынан үсік жүреді - Қазгидромет 21-23 мамырдағы ауа райы жайында айтты

Жаңбыр тоқтайды, бірақ аяз болады - Қазгидрометтен 21-23 мамырдағы ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 13:24 Сурет: unsplash
Синоптиктер Zakon.kz тілшісіне Қазақстан тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылдың 21 мамыры мен 23 мамыры аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды кезең жалғасуда.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық дерлік аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады, тек кей күндері ғана жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, -2°C аяз болады", - делінген хабарламада.

Ал оңтүстік-батыс ағындары, болжам бойынша, мамыр айының климаты шегінде күндізгі температураның жылынуын тудырады:

  • батыс және оңтүстік аймақтарда +18+28°С дейін көтеріледі;
  • солтүстік, орталық, шығыс облыстарда +15+23°С дейін;

Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде +7+15°С дейін төмендеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: