Астана, Алматы және Шымкент қалаларына үш күндік ауа райы болжамы пайда болды

Астана, Алматы және Шымкент қалаларына үш күндік ауа райы болжамы пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 14:59 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылдың 14-16 наурыз аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

Болжам бойынша елордада және елдің екі ірі мегаполисінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада:

  • 14 наурызда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -14-16°C, күндіз -6-8°C;
  • 15 наурыз – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз -3-5°С;
  • 16 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз 0-2°С.

Алматыда:

  • 14 наурыз – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта – жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +3+5°С;
  • 15 наурыз – көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз 0-2°C;
  • 16 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз +3+5°C.

Шымкентте:

  • 14 наурыз – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта – жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +1+3°С;
  • 15 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз +6+8°C;
  • 16 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз +11+13°C.

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде – 2024 жылдың 14-16 наурызы аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: