Синоптиктер 7-9 ақпан аралығында Қазақстанның үш қаласындағы ауа райы туралы айтты
Астанадағы ауа райы болжамы:
7 ақпанда: бұлтты, кей уақытта қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -10...-12°C.
8 ақпанда: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -12...-14°C.
9 ақпан: көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -23...-25°C, күндіз -15...-17°C.
Алматы қаласындағы ауа райы болжамы:
7 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +5...+7°C.
8 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +5...+7°C жылы.
9 ақпан: көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман, жолдар көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
7 ақпан: көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан 8-13, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +12...+14°C.
8 ақпан: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде шамамен 0 градус, күндіз +10...+12°C.
9 ақпан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +5...+7°C.
Синоптиктер 2023 жылдың 7-9 ақпанында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын, күн суытып, көктайғақ, тұман, бұрқасын болады.