Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда Конституцияға енгізілген өзгерістерді қоғамдық талқылау аяқталды

Өзбекстандағы конституция талқылауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2022 09:15 Сурет: pixabay
Конституциялық комиссия 117 мың ұсыныс түскенін хабарлады. Депутаттар жобаны пысықтайды. Бұл процестің қаншалықты ашық болатыны белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 тамыз күні сағат 00:00-де Өзбекстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді жалпыхалықтық талқылау аяқталды. Ол 25 маусымнан бері жалғасып жатыр, деп жазады gazeta.uz.

Алдымен талқылауға 10 күн берілді. Сонда депутаттар бұл уақыттың аздығын мойындап, тағы 10 күн қосты. Артынша талқылауды тағы 15 күнге ұзарту туралы шешім қабылданды.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мәліметінше, Заң шығару палатасының жауапты комитеттері ұсыныстарды қорытындылау және талдау, сондай-ақ заң жобасын пысықтау жұмыстарын жалғастырады.

Бұл процестің қаншалықты ашық болатыны белгісіз. Комиссия «Түзетулердің қайнар көзі – халық» деп үнемі баса айтқанымен, түзетулердің бастапқы жобасына енгізілген бірқатар өзгерістер өзбектер үшін күтпеген жағдай болды. Заң жобасын да, жалпыхалықтық талқылауды ұзарту туралы шешімдерді де депутаттар бірауыздан қабылдады.

Түзетулер жобасын конституциялық комиссия бір айдың ішінде әзірледі. Одан кейін комиссия басшысы Акмал Саидов «конституциялық реформаларды жүргізудегі Өзбекстанның бірегей тәжірибесіне» тоқталып, оны «өзбек ноу-хауы» деп атады.

1-2 шілдеде Қарақалпақстанда республиканың статусын өзгерту бойынша ұсынылған түзетулермен туындаған толқулардан кейін жобадан Қарақалпақстанға қатысты баптар алынып тасталды.

Комиссияның мәліметінше, 30 шілдедегі жағдай бойынша азаматтар мен ұйымдардан түзетулер туралы заң жобасына 117 300-ден астам ұсыныс түскен (оның 62 мыңнан астамы түзетулер жобасы жарияланғанға дейін болған).

Олардың басым бөлігі – 77,6 мыңы телефон арқылы алынған. «Бұл менің Конституциям» сайты арқылы 24,3 мың ұсыныс түскен. Азаматтар 14,5 мың ұсынысты өз бетінше жеткізді. Ұжымдық өтініштердің саны – 860-қа жуық.

Азаматтардың ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік жоқ - 25 маусымнан кейін олар ұсыныстарды қабылдау сайтында жарияланбады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: