Қазақстандықтар әуе билеттерінің қымбаттығына наразы

Әуебилеттері қымбаттап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 11:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтар әуе билеттерінің қымбаттығына наразы. Билет құны уақыт өткен сайын арзандаудың орнына өсіп барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Еуропа елдерімен салыстырғанда ел ішіндегі қалааралық рейстер әлдеқайда қымбат. Бұл орайда зерттеу жүргізген желі қолданушылары ұшақтардың ұшу қашықтығында ешқандай айырмашылық жоқ екенін байқапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Австриядан Испания, Франция, Италия немесе Швецияға белгілі бір күндерде ұшатын рейстің билет құны біздің ақшамен бар-жоғы 6000 теңге тұрады. Тиісінше, мұндағы орташа жалақы шамамен 2000 еуро яғни 1 миллион теңге. Бұған 160 бағытта билет сатып алуға болады.

Ал, Қазақстанға келер болсақ, мәселен, Алматы – Астана арасы шамамен 40-50 000 теңге тұрады. Еуропаға қарағанда бағасы 9 есе жоғары. Жалпы, елде орташа жалақы мөлшері - 250 000 теңге, оған тек 5 билет қана алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: