Жаңалықтар тізбегі
0

Жылуға артық төлеген қазақстандықтардың ақшасы қалай қайтарылады

артық төлем жасағандардың қарызы қайтарылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 10:39 Сурет: Zakon.kz
Төлемдердің басым бөлігі Батыс және Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының абоненттеріне тиесілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылуға артық төлеген қазақстандықтардың 489 млн теңгесі қайтарылады. Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға көрсетілген қызметті қайта есептеп, осындай шешім шығарды, деп жазады Almaty.tv.

Төлемдердің басым бөлігі Батыс және Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының абоненттеріне тиесілі. Ұлттық экономика министрлігі аталған қаржының жыл соңына дейін қайтарылатынын айтып отыр.

«2021-2022 жылдарға арналған жылыту маусымы кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлемін КХС-ті ескере отырып жалпы соммасы 489 млн теңгеге қайта есептеу жүргіздік. Оның ішінде ШҚО-186 млн, Қарағанды обл - 86 млн, ал Алматы қаласы бойынша 41 млн теңге. Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын, оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады. Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: