Жаңалықтар тізбегі
0

Chery және Mycar.kz автокөлік сататын онлайн-дүкенді іске қосу туралы келісімге қол қойды

Mycar.kz, «First Motor Group» ЖШС , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 12:47 Сурет: chery.mycar.kz
Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы «First Motor Group» ЖШС, Astana Motors және Mycar.kz құрамына кіретін компания қазақстандық автокөлік бизнесінің тарихында тұңғыш рет онлайн-дилерлік келісім-шартқа қол қойды.

Дәл қазір қазақстандықтар Chery жаңа автокөлігін үйден шықпай-ақ сатып алып, рәсімдей алады.

Онлайн-дилерлік – автобизнестегі жаңа озық тренд. Көптеген өндірушілер жаңа көліктердің бөлшек саудасын осы бағытта дамытуда жоспарлап жатқанда, Chery дистрибьюторы және Mycar.kz Қазақстандағы бұл саланың үздіктеріне айналуда.

Chery Automobile Co., Ltd. – бас офисі Қытайда орналасқан әлемдік автокөлік бренді, 1997 жылы негізі қаланған. 2021 жылы компания Қытайдың автокөлік экспорты бойынша бірінші орынға шықты. Соңғы 20 жыл ішінде Chery үнемі инновацияларға ұмтылып, Қытай, Германия, АҚШ және Бразилияда зерттеу және дайындық орталықтарын ашты. Сондай-ақ, 5 500-ден астам адамнан тұратын машина жасау бойынша ғаламдық зерттеу және дайындық жұмыстарын жүзеге асыратын топтар жинаған. Осылайша, технология және өнімдер саласында біртұтас R&D жүйесін жасап шығарды.

Astana Motors және Chery Automobile Co., Ltd. компаниялары 2021 жылы қыркүйекте дистрибьюторлық келісімге қол қойса, сол жылы желтоқсанда алғашқы көліктер сатылды. Chery Қазақстан нарығына шыққан қысқа ғана уақытта отандық автомобилистерді жоғарғы технологиялық күш-қуатымен, сапасымен және қолжетімді бағасымен баурап алды. 2022 жылы 7 ай ішінде Қазақстанда 1300-ден астам Chery автокөліктері сатылып, еліміздегі қытайлық автокөлік брендтерінің сатылымы бойынша бірінші орынға шықты. Енді Chery көлігін ресми дилерден сатып алу chery.mycar.kz онлайн-дүкенінің арқасында одан да оңай бола түспек.

Цифрлы индустрия біздің күнделікті өміріміздің айнымас бөлшегіне айналып, сатып алу процесін бір батырманы басуға дейін жеңілдетіп жатыр. Біз цифрлы қызметтердің өзектілігі мен потенциалын түсініп, автокөлік сатып алуды мобильді, жедел ете түсу үшін Mycar.kz-мен бірігіп жоғары технологиялы онлайн-қызметті жүзеге асыруды шештік, - деп атап өтті «First Motor Group» ЖШС директоры Нұрлан Шамгонов.

chery.mycar.kz, «First Motor Group» ЖШС , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 12:47

Сурет: chery.mycar.kz

Сервистерді жасап шығаруда біз үрдістерді жеңілдетуге, уақыт үнемдеуге, ыңғайлылық және қауіпсіздікке басымдылық береміз. Жаңа автокөлікті онлайн сатып алу – Қазақстанның автокөлік индустриясын дамытудағы маңызды қадам. Біздің серіктестігіміз клиенттеріміздің өмірін жеңілдетеді деп сенеміз, – дейді Mycar.kz  атқарушы директорының орынбасары Диас Досмуханбетов.

Автокөлікті chery.mycar.kz онлайн-дүкені арқылы сатып алу өте оңай. Ол үшін көлікті және төлем тәсілін таңдап, сайттағы арнайы форманы толтырып, төлем жасау керек. Сатып алушылар сондай-ақ тест-драйв қызметіне жүгіне алады. Сонымен қатар, онлайн режимде автокредитке өтінім жіберуге болады. Серіктес - Mycar Finance, Mycar.kz  экожүйесіне кіретін компания.

Mycar.kz  ресми өкілі сатып алушыға қажет құжаттарды алып келеді және көлікті есепке қояды. Мемлекеттік номері және техпаспортымен қоса клиентке Алматы қаласының кез келген мекен-жайына тегін жеткізіп береді. Бүгінгі күні Chery автокөлігін онлайн сатып алу Алматыда іске асырылған, ал таяу болашақта Қазақстанның өзге де қалаларында пайда болады.

chery.mycar.kz  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 12:47

Сурет: chery.mycar.kz

Mycar.kz  экожүйесіне қосымша, автоорталықтар, микроқаржылық ұйым және бизнесті автоматтандыру жүйесі кіреді. Брендтің барлық өнімдері қосымшада қолжетімді: көлікті сатып алуға, автокредит алуға алдын ала рұқсат алуға, сервис не техникалық бақылауға жазылуға, автокөлікті классифайд (хабарландырулардың онлайн сөресі) арқылы сатуға болады.

chery.mycar.kz, mycar, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 12:47

Сурет: chery.mycar.kz

Толық ақпаратты chery.mycar.kz сайтынан алуға болады.

Серіктестік материал

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: