Киев, Анкара және БҰҰ астықты экспорттау туралы келісімге қол қойды

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 22:26 Сурет: pixabay
Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков, Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акар және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш астықты экспорттау туралы келісімге қол қойды. Астық дәлізі жақын күндері жұмыс істей бастайды, - деді Реджеп Тайып Ердоған, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Ресей үкіметі дүрдараз шет мемлекеттердің тізімін кеңейтті. Греция, Дания, Словения, Хорватия және Словакия бұл тізімді толықтырды.

  • Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Халықаралық күнтәртібіндегі мәселелер талқыланды.

  • Ресейдегі жұмыссыздық тарихи төмен деңгейде сақталып отыр - РФ Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина.

  • Германия канцлері Олаф Шольц Ресейді сенімсіз газ жеткізуші деп санайтынын айтты.

  • Роттердамдағы Еуропаның ең үлкен порты Ресеймен қатынасты үзді.

  • Өз-өзін егемен деп жариялаған ДХР территориясында Google іздеу жүйесінің жұмысы толығымен бұғатталды.

  • Мәскеудің Басман соты украиналық журналист Дмитрий Гордонды Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратқаны және экстремистік ұйым құрғаны үшін сырттай соттады.

  • Украина президенті Владимир Зеленский Запорожье облысы Бердянск ауданының Приморск қаласында әскери әкімшілік құру туралы жарлыққа қол қойды.

  • Украина Ресейдегі грек компанияларының қызметіне байланысты Грецияға санкциялар енгіземін деп доқ көрсетті. Сөйтсе бұл компаниялар санкциялар тізіміне кірмегені белгілі болды. Украинаның Афиныдағы елшісі Сергей Шутенко СІМ-ге шақырылып, оған ескертулер жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: