Жаңалықтар тізбегі
0

Үшарал әуежайының жұмысы 11 тамыздан бастап қайта жанданады

Үшарал әуежайы, Үшарал, әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 13:54 Сурет: gov.kz
Тексеру нәтижелері бойынша Үшарал әуежайына пайдалануға жарамдылық сертификаты берілді. Бүгін авиакомпаниялар Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттерді сатуды бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
 «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағы қайта жаңартылғаннан кейін Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізді. Бүгінгі таңда негізгі жұмыс түрлері, оның ішінде ұшу-қону жолағын 2 700 м дейін ұзарту және рульдеу жолын кеңейту аяқталды.Азаматтық авиация комитеті

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, бүгін авиакомпаниялар Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттерді сатуды бастайды.

SCAT әуе компаниясы CRJ2 әуе кемелерінде (сыйымдылығы 50 орындық) жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14, қалған уақытта 7 рейс орындайды. Билет құны 15 000 теңге және 16 000 теңге болады. Ұшулар 15 тамыздан басталады.

Сондай-ақ Үшарал – Талдықорған бағыты бойынша «Жетісу» әуекомпаниясы осы жылдың 11 тамызынан бастап жазғы маусымда 28 рейс, қалған кезеңде 14 рейс орындайды. Ұшулар сыйымдылығы 19 орындық L-410 ұшақтарында орындалады. Билет құны – 8 000 теңге.Азаматтық авиация комитеті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: