Доллар бағамы тағы көтеріліп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,73 теңгеге көтеріліп, 478,39 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,91 теңгеге (+0,03) дейін көтерілді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,78 теңгені (+0,45) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 477-481,5 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 486-491 теңгеге өсті. Рубль – 7,3-7,75 теңгені құрады.
Ал 9 тамыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 1,37%-ға арзандап, барреліне 95,33 долларды құрады.
Қыркүйек айындағы WTI мұнай фьючерстері 1,45%-ға төмендеп, барреліне 89,44 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript