Қазақстанда жалақы әсіресе құрылыс саласында өсті
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең көп өсім құрылыс индустриясында – 35,5%, көлік және қойма шаруашылығында – 34,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 28,3%. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 12,1% және басқа қызмет түрлерін көрсетуде – 3,9% сияқты төмен көрсеткіштер байқалды.Ұлттық статистика бюросы
Өңірлер арасында ең көп өсім Қызылорда облысында тіркелді – 31,3%. Ең аз өсім Нұр-Сұлтанда байқалды – 14,2%, нақты мәнде (бағаның өсуін есепке алғанда) 0,1 пайыздық тармаққа төмендеу тіркелді.
Бұл ретте Ұлытау өңіріндегі жалақы Алматыдағыдан жоғары, Нұр-Сұлтаннан сәл ғана төмен болып шықты. Мысалы, Ұлытау өңіріндегі орташа жалақы 383,2 мың теңге болып отыр. Бұл көрсеткіш Алматыда 352,5 мың, елордада 393,5 мың теңге. Жалпы Ұлытау өңірі өңірлер арасында жалақы бойынша 4-орында.
Ал Абай ауданында бұл көрсеткіш төмен – 262,3 мың теңге. Шығыс Қазақстан облысында – 282,2 мың теңге. Жетісу өңірі аутсайдер болып шықты. Мұнда орташа жалақы 241,4 мың теңге болды.
Бұл ретте Алматы облысында аумақ бөлінгеннен кейін жалақы өсті: егер 2022 жылдың бірінші тоқсанында мұндағы орташа жалақы 230,8 мың теңге болса, (орташа республикалық деңгейден 19,1% төмен) екінші тоқсанда – 277,4 мың теңге болды.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда атаулы жалақының орташа құны 312 011 теңгеге жеткен. 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% болды. Бұл ретте жалақының медианалық мәні 196 728 теңге болды.