Жазда Алматы маңында шаңды дауылдар жиі болады
Жаз кезінде атмосфераның тұрақсыздығы, шаңды немесе құмды дауылдар, екпінді желдер сирек кездесетін құбылыс емес, – дейді метеорологтар.
Шаңды немесе құмды дауыл ашық, құрғақ және ыстық ауа райында байқалады. Мұндай кезеңде жел топырақтың бетінде жатқанның бәрін оңай көтереді: шаң, құм, ұсақ тастар, ағаш жапырақтары және түрлі қоқыс. Жаңбырдан кейін құм немесе шаңды дауыл болуы мүмкін емес, өйткені жер ылғал әрі жел ауадағының бәрін көтеруі қиын.
8-10 тамыз аралығында Алматы қаласында, әсіресе, қаланың белсенді елді мекендерінде, сонымен қатар жөндеу-қалпына келтіру жүргізіліп жатқан аумақтарда суық ауаның енуіне байланысты солтүстік атмосфералық фронттың өтуі кезінде жел күшеюі байқалды. Ол жердегі шаң мен құмды көтеріп жіберді. Кейіннен бұл шаңды дауылдың пайда болуына себеп болды.«Қазгидромет» РМК
Синоптиктердің айтуынша, бұл табиғи құбылыстың пайда болуына тек табиғи фактор ғана емес, жөндеу жұмысы, құрылыс шаңы және тағы басқа антропогендік себептердің әсері болды.
Жасыл аумақтардың болмауы шаңды дауылдардың жиілігі мен күшеюіне аз әсер етеді. Иә, орман белдеуі бар аумақта жел өз жылдамдығын төмендетуге қабілетт. Себебі ағаштар ылғалдың жиналуына ықпал етеді, ашық шаң жинау алаңын азайтады.
Тамыз айындағы ұзақ мерзімді болжамға сай, Алматы облысының аумағында айдың екінші онкүндігінің аяғында және үшінші онкүндігінің бірінші жартысында атмосфералық ауаның тұрақсыздығы болжанды. Найзағай, екпінді жел болуы мүмкін. Соның салдарынан шаң немесе шаңды дауылдар болуы мүмкін.«Қазгидромет» РМК
Шаңды дауылдар синоптикалық жағдайға, сонымен бірге «Қазгидромет» РМК сағат сайын алатын спутниктік ақпаратқа сай болжанып отыр.