Жаңалықтар тізбегі
0

Күзде локдаун болады: Қазнетте елді дүрліктірген фейк ақпарат тарап жатыр

Қазнетте жейк ақпарат тарап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 12:49 Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
1 қыркүйекте індеттің жаңа толқыны басталып, карантин жарияланады. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тарап жатқанына дүрлігуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде мұндай ақпаратты Stopfake.kz жоққа шығарды.

Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, елімізде COVID-19 ауруының төмендеуі байқалады.

Аурудың аздап өскені байқалады, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз барлығын COVID-19 жұқтырмас үшін екпе алуға және ревакцинациялауға, қоғамдық орындарда бетперде киюге және мүмкіндігінше шет елдерге барудан бас тартуға шақырамыз. Карантиндік шараларды күшейту немесе әлсірету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Бүгінге дейін карантин жариялаудың жөні жоқ. Ержан Байтанаев

Еске салайық, 12 тамыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес барлық өңірлер «жасыл» аймаққа енген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: